COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
12 маусым

Қайнар Академиясында ХІІ жазғы универсиада жеңімпаздарын марапаттау жиыны өтті. Бұл күндері ҚР жоғары оқу орындарының жазғы универсиада ойындары Ақтау қаласында өтуде. Қайнар Академиясының қазақша күрестен құрама командасы жарысты сәтті бастап, жүлделі орындарды жеңіп алды.

Білім ордасының басшысы Джанегизова Айсұлу Сабырханқызы спортшыларды жеңісімен құттықтап, академия абыройын арттырғаны үшін алғысын білдірді.

Салтанатты шарада ректор Айсұлу Сабырханқызы жеңімпаздар мен жаттықтырушыларды және олардың ата-аналарына ХІІ жазғы универсиадада үздік өнер көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапаттады.

Айта кетсек, Қайнар Академиясынан қазақша күрестен Азамат Мөлдір  күміс жүлде, Билалов Әкежан қола жүлдені иемденген болатын. Сонымен қатар спортшы студенттерімізге қолдау ретінде Академияның атынан оқу ақысына 30% жеңілдігі бар  сертификаттар табысталды.

Өз кезегінде спортшы жастар академия басшылығы мен тәлімгерлерге қолдау мен зор сенім үшін ризашылықтарын жеткізді.


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content