09.11.2023 күні «Бизнес және басқару» академиялық мектебінде аға оқытушы А.Ақбаеваның жетекшілігімен «Қазақстанда орташа жалақыға өмір сүруге бола ма?» тақырыбында пікір – талас өтті. Пікір-таласқа 1 курс қазақ тобының «Есеп және аудит» , «Менеджмент», «Қаржы», «Экономика» мамандықтары қатысты. «Валюта» және «Жалақы» командалары іс шараны қызу талқыға салып, өз деңгейлеріне сәйкес нәтиже көрсетті.
Тақырыпта Қазақстанның орташа жалақыға халықтың көзқарасы талқыланды. Сараптама жасай отырып екі топ бір-біріне төмендегідей сұрақ қою арқылы, өзекті мәселелерді қозғады.
1.Қазіргі халықтың өмір сүру деңгейі ?
2. Қазақстан Руспубликасы бойынша атаулы жалақының орташа мән ?
3.Сіздердің ойыңызша ауылда жерде осы жалақыға өмір сүруге бола ма ? Мысалға ?
4.Ең жоғары жалақы алатын өңір ?
5.Елімізде әйелдердің жалақысы ерлердікінен неше пайызға аз және неліктен ?
6.2022ж/2023жыл АЕК пайызбен есептегенде неше пайызға көтерілді немесе төмендеді ?