COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
12 ақпан

2024 жылдың 9-ақпан күні «Психология және журналистика» академиялық мектебінің ұйымдастыруымен «Қазіргі заманғы БАҚ: процестер мен контексттер» тақырыбында филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ҚР Журналистер одағының мүшесі Мектеп Аманқос Құлтанұлының 70 жас мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті.

300-ден аса ғылыми және ғылыми көпшiлiкке арналған зерттеу жұмыстары мен мақалалардың авторы, руна жазуларының зерттеушісі, көптеген халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларда таңбатану, ежелгi төрүк жазуының генезисiне байланысты тосын ой-тұжырымдарымен танымал ғалым — республикалық «Отандық журналистика тарихы» ғылыми-зерттеу журналының шығарушы редакторы, Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының Басқарма мүшесі, «Түркі әлемі», «Ұлы Дала тынысы» апталық газеттерінің және «Қызықты психология» республикалық ғылыми-әдістемелік, танымдық-психологиялық журналдың алқа мүшесі, Қазақстан Ұлттық баспасөз клубының мүшесі.

 

 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content